Атырау: орталық «Иманғали» мешіті түркиялық ұстаз Хусейн Каяны құрметпен шығарып салды

amin.kz/ 15 шілде, 2020 жыл. Атырауда ұзақ уақыттан бері қызмет етіп келген ұстаз Хусейн Каяны мешіт ұжымы шағын құрамда шығарып салды.

«Хусейн Кая ұстазбен арада бес жылға келісім – шарт жасалған болатын. Алайда, пандемияға байланысты ұстазымыз келісім-шарт уақытынан бір жыл бұрын еліне аттанып бара жатыр.

Сонау Түркиядан елімізге келіп, Атырау қаласының жастарын дін жолында тәрбиелеуге елеулі үлес қосқан ұстазымызға Алла разы болсын. Мұндай тәжірибе алмасулар қашан да өзектілігін жоймайды» дейді Алтынбек Ұтысханұлы.

Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз – қызметі.