Атырау: «Құспан молла» мешіті құрбан шалып, мұқтаждарға көмектесті (+ ВИДЕО)

Атырау қалалық Құспан молла мешіті ел амандығы үшін ірі қара малды құрбандыққа шалды.

Құрбан малының еті әлеуметтік жағынан қамқорлықты қажет ететін мұқтаж отбасыларға, дімкәс адамдарға үлестірілді.

Қайырымдылық акциясы осылайша, Атырау қаласындағы 30 отбасын қамтыды.

«Біз бұл қайырымдылық эстафетасын Сұлтан Бейбарыс мешітінен қабылдап алған болатынбыз. Құрбандық мешіт ұжымының және жамағаттың атсалысуымен шалынып отыр. Алла Тағала қасиетті Рамазан қарсаңындағы ниетімізді қабыл еткей» дейді Құспан молла мешітінің бас имамы Эммат Ғұмаров.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.