Қасиетті Рамазанның 22 күнінде Атырау облысы бойынша барлық мешіттерде 2145 мұқтаж отбасына азық-түлік таратылды.
Барлығы 20 тонна болатын бірінші қажеттіліктегі азық-түлік пакеттері Атырау қаласы, аудандар, ауылдық елдімекендерде тұратын әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы, мұқтаж отбасыларға жеткізілді.
«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен іске қосылған «Берекелі Рамазан керуені» марафоны аясындағы қайырымдылық шаралар жалғасын табады» дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.
Еске сала кетелік, бұған дейін Рамазанның алғашқы 15 күнінде облыс мешіттерінде 10 мың адамға «ауызашар қоржыны» таратылғанын хабарлаған болатынбыз.
Сонымен бірге, “Ел үлесі – пәтерге” әлеуметтік жобасы аясында Қазақстан бойынша 375-ші, Атырау облысы бойынша 21-ші пәтер Атырауда Нұргүл Бердіғалиева есімді төрт баланың анасына табыс етілген болатын.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.