Атырау: «Иманғали» мешіті мұқтаж отбасына пәтер табыс етті (+ ВИДЕО)

Кенже баласы сал ауруына шалдыққан Нұргүл Бердіғалиеваға пәтер орталық «Иманғали» мешітінің және Атырау қалалық әкімдігінің демеушілерді тартуы нәтижесінде табыс етілді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы «Зекет» қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында беріліп отырған баспана кілтін облыстың Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы және «Иманғали» мешіті жанындағы «Әжелер академиясының» өкілдері табыс етті.

«Қазақстан бойынша 375-ші пәтер Атырауда табыс етіліп отыр. Бұл «Ел үлесі – пәтерге» әлеуметтік жобасы аясында Атырау облысында беріліп отырған 21-ші үй. Жобаға атсалысқан демеушілерге алғысымыз шексіз» дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.