Атырау селолық мешіті Маңғыстауға гуманитарлық көмек жіберді

Атырау селолық мешіті су тасқынынан зардап шеккен Маңғыстау облысына гуманитарлық көмек жіберді.

Бірінші қажеттіліктегі азық-түліктер, киім-кешектер тиелген «КАМАЗ» көлігі жолға аттанып кетті.

Бұған дейін Атырау мешіттерінің атсалысуымен 300 дана киім-кешек, 100 данадан астам тұрмыстық заттар тиелген жүк көлігі аттанғанын хабарлаған болатынбыз.

Еске сала кетелік, бұған дейін толассыз жауған жауын-шашын салдарынан Маңғыстау облысында екі қала мен төрт ауданда тасқын су жүріп өтті.

«Нөсер жауын салдарынан 13 елдімекенде 163 үйге зақым келді. Маңғыстау бойынша 159 көше су астында қалды» делінген Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар басқармасының баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.