Атырау селолық мешітінде балғын шәкірттер марапатталды

«Атырау» селолық мешітінде жазғы демалыс мезгілін Құран үйренуге арнаған сауат ашу лагерінің шәкірттері марапатталды.

Маусым айының бесі күні басталған курс барысында шәкірттер бір ай бойына «Құран әліппесі, «Әдеп негіздері» бойынша дәріс алды.

Жазғы лагерьге 31 ер бала қатысты.

» Құран үйренуді әрі қарай жалғастырамын деушілерге дәріс жалғасады» дейді мешіт ұстаздары.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.