Атырау және Дамбы селолық округтері тұрғындарының атсалысуымен тасқын судан зардап шеккен Батыс Қазақстан облысы өңіріне гуманитарлық көмек жіберілді.
Бірінші қажеттіліктегі азық-түлік пакеттері, киім-кешектер тиелген жүк көлігі Орал өңіріне жөнелтілді.
Игілікті іске Атырау селолық мешіті бастамашы болып, жамағатты ізгі идеяға ұйыстырды.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.