Жылыой ауданында «Рамазан сыйлықтары» таратылды (+ФОТО, + ВИДЕО)

Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай, Жылыой орталық мешіті ерекше акция ұйымдастырды.

Рамазанға арналған ерекше сыйлықтар кітапхана, музей, мектеп сынды әлеуметтік нысан қызметкерлеріне таратылды.

Сыйлықтарды Жылыой аудандық орталық мешітінің наиб имамы Ажок Сарсекеев пен ұстаз Думан Балықшиев үлестірді.

«Рамазан – мейірім айы. Рамазан – қуаныш айы. Мереке құрметіне 20 сыйлық үлестірдік» дейді ұйымдастырушылар.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.