Атырауда облыс әкімінің атынан ауызашар берілді

Атырауда облыстық орталық мешітте облыс әкімі Серік Шапкеновтің атынан ауызашар берілді.

Ауызашар барысында орталық «Иманғали» мешітінің наиб имамы Арман Исаев «Рамазан құндылықтары» тақырыбында уағыз айтты.

«Рамазан айы өте қасиетті, мәртебелі. Бұл айда жасалған нәпіл намаз, зікір, садақа және бүкіл нәпіл ғибадаттарға берілетін сауап басқа айларда жасалатын парыздардың сауабына тең. Рамазанда адам өзін тәрбиелеп, жақсы қасиеттерді сіңіруге ұмтылып, өзгелерге көмек етуге асығуы керек» деп атап өтті ұстаз Арман Исаев.

Еске сала кетелік, бір ғана орталық «Иманғали» мешітінде күніге 500 адамға ауызашар берілді.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.