Атырау: Сұлтан Бейбарыс мешіті 400 балаға тәттілер сыйлады (+ ВИДЕО)

Атырауда Сұлтан Бейбарыс мешіті Құрбан айт құрметіне 400 бүлдіршінге сыйлық таратты.

Тәттілерге толтырылған айттық сыйлықтарын белгілі эстрада әншісі Бейбіт Көшқалиев бастаған еріктілер ойын алаңдарын аралап жүріп, сәбилерге үлестіріп берді.

«Құрбан айт – ықылым заманнан мұсылмандықты ұстанған халқымыздың ұлық мерекесі. Құрбан айттың әр күнін сәбилеріміздің де есінде қаларлықтай етіп ұйымдастыруға тырысуымыз қажет. Шалған құрбандығымыз, ниеттеріміз қабыл болғай» дейді Сұлтан Бейбарыс мешітінің имамы Ержан Қағазғалиев.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.