Атырау: Ұстаз Ерсін Әміре Жұлдыз мешітінде уағыз айтты

Белгілі ұстаз, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Ғұламалар кеңесінің мүшесі Ерсін Әміре Атыраудағы Қажымұқан Мұңайтпасов мешітінің жамағатымен кездесті.

Кездесу барысында ұстаз Ерсін Әміре «Ниеттер амалға байланысты» тақырыбында уағыз айтты.

«Ниет – адам әрекетінің нақтылы мақсатын білдіреді. Ниетсіз, себепсіз алға мақсат қойылмайды. Ал ниеттің орныққан жері жүрек. Алла Елшісі (с.ғ.с):

«Шын мәнінде Алла сендердің келбеттеріңе, байлықтарыңа қарамайды, Алла сендердің жүректеріңе, амалдарыңа қарайды» дейді. Яғни, бұл хадистегі жүрек деген сөздің астарында ниет жатқаны меңзелуде» деп атап өтті кездесу барысында ұстаз Ерсін Әміре.    

Еске сала кетелік, кеше Атырауға жұмыс сапарымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы келді.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.