Ұстаз Смайыл Сейітбеков атыраулықтарды бір-біріне бауыр болуға үндеді

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Атырауға бастап келген делегация мүшесі, белгілі ұстаз Смайыл Сейітбеков Атырау қалалық Құспан молла мешітінде жамағатқа насихат айтты.

«Алла разылығы үшін бауырға айналған тақуа мүмін жандар қияметте сол имани байланысының пайдасын көреді. Бұдан шығар қорытынды – дін бауырымызға деген жанашырлық. Яғни, мұсылмандар бірін-бірі жақсы көріп, құрметтеуі керек.

Абай атамыздың «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» қалдырған насихатының астарында үлкен мән жатыр» деді ұстаз Смайыл Сейітбеков.

Кездесу барысында ұстаз Смайыл Сейітбеков жамағат тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

Еске сала кетелік, кеше Атырауға Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған делегация келді. Сапар аясында Атырауда ҚМДБ жанындағы Ғұламалар кеңесінің отырысы болып, баланы қамқорлыққа алу, үздіксіз білім алу, әлеуметтік желідегі мұсылман бейнесі сынды бірқатар маңызды тақырыптар бойынша құжаттар талқыланып, пәтуалар қабылданды.

Бүгін таңда Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовпен бірлесіп, Атырау қаласындағы Еркінқала ауылынан 500 орындық мешіттің іргетасын қалады.

Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.