Атырау: Жұлдыз мешітінде қайырымдылық акциясы өтті

«Мәуліт» мерекесінің құрметіне, Атырау қаласы, Жұлдыз елдімекеніндегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешітте қайырымдылық шарасы өтті.

Қайырымдылық акциясы аясында «Жусан» гуманитарлық операциясымен елге оралған 18 отбасына азық -түлік пакеттері табыс етілді.

«Қайырымдылық шараларын күшейту – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының алға қойған негізгі міндеттерінің бірі. Жақында ғана Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған «Әр аптаға – бір жақсылық» бастамасының бұл заңды жалғасы » дейді Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешіттің имамы Айтжан Абдиров.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.