Атырау: Жұлдыз мешітінде қайырымдылық акциясы өтті

Ізгілік акциясы аясында жиырма отбасына азық-түлік таратылды.

Акция аясында әлеуметтік жағдайы төмен, қамқорлықты қажет ететін мұқтаж отбасылар қамтылды.

«Кең болсаң кем болмайсың» деген қағиданы ұстанған дана халқымыз маңайындағы мұқтаж жандарға қайырымдылық жасап, қол ұшын созып көмек көрсетуді өсиет еткен. Қандайда бір жақсы істердің қайырсыз кетпейтіндігі жайында Қасиетті Құранда: «Алланың жолында не жұмсасаңдарда, Алла Тағала міндетті түрде оның орнын толтырады» деп баяндалады.

Бұл бағыттағы шаралар жалғасады» дейді Атырау қаласы, Жұлдыз елдімекеніндегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешіттің имамы Айтжан Абдиров.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.