Атырауда әйел адамдар үшін телеграм чат-канал ашылды

amin.kz/ 14 қыркүйек, 2020 жыл. Чат-канал арқылы нәзік жандар әйел ұстаздарға сұрақ қоя алады. Жобаны Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Әйел-қыздар секторының Атырау облысы бойынша өкілдігі қолға алып отыр.

Ашылғанына аптаға жетпейтін уақыт ішінде чат-каналға 200-ден астам сұрақ келіп түскен.

«Каналға тек қана әйел адамдар тіркеле алады. Ол жерде негізінен отбасылық мәселелер, ислам тақырыбына қатысты сұрақтап талқыланып отыр. Канал қазіргідей карантин жағдайында аудиториямен кері байланыс жасаудың таптырмас құралы болып отыр» дейді чат-каналды ұйымдастырушылар.

Телеграм чат-каналға «Атырау облысы ҚМДБ: Әйел кісілерге арналған сұрақ-жауаптар» деген атаумен қосылуға болады.

Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.