Атырауда әйел ұстаздар қатары толықты

amin.kz/ 26 тамыз, 2020 жыл.  Қазіргі уақытта орталық «Иманғали» мешіті жанындағы әйел жамағатқа үш ұстаз дәріс беруде.

«Жуырда ғана мешітке Нұр-Мүбәрак университетінің түлегі қызметке алынды. Карантин жағдайына қарамастан, әйел жамағатымен арада дәріс жалғасуда.

Бүгінгі таңда «Ақида», «Фиқһ», «Құран», «Әліппе», «Тәжуид» бойынша сабақтар жүруде. Сабақтар онлайн форматта инстаграм парақшасы арқылы жүргізіліп жатыр.

Аптасына 4 рет өтіп жатқан дәрістерге мектеп жасындағы қыз балалар, аналар, әжелер қатысуда» дейді Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітінің ұстазы Салтанат Бауыржанқызы.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.