Атырауда әйел жамағаты арасында рухани сайыс өтті.
Рухани сайыс аясында қатысушылар «Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с) өмірі», «Сира» тақырыптары бойынша алған білімдерін ортаға салып, өзара білімдерін сарапқа салды.
Сайыс қорытындысымен үздік шыққандар қаржылай сертификаттармен марапатталды.
Мәселен, 1 орынға Нұршат Ноғаева лайық деп танылды. Фариза Амангелдіқызы мен Айман Куйкентаева екінші және үшінші орындарды өзара бөлісті.
Самал Еділова, Іңкәр Бижанова және Ақдидар Рашидқызы ынталандыру сыйлығымен марапатталды.
«Шараның мақсаты – әйел жамағатының арасындағы бірлікті нығайту. Және бала тәрбиесі, үй шаруасы, жұбайына қызмет қылу, отбасы қамымен әр мекемелерде еңбек ете жүріп, рухани дамуға уақыт тауып жүрген әйел аналарға құрмет көрсету. Мұндай шаралар әйел жамағатын ынталандыру үшін де керек» дейді «Ихсан» мешітінің имамы Ардақ Жұмабекұлы.
Еске сала кетелік, қазіргі уақытта «Ихсан» мешітінде 70-ке жуық әйел адам діни білім алып жатыр.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.