Балаларды қорғау күніне орай, атыраулық бір топ әйелдер жамағаты «Сәбилер үйі», «Шаңырақ» балалар ауылына барып, бүлдіршіндерге тәттілер толы бокстерді сыйға тартты.
Балаларға тосын сый жасаған жамағатқа жоғарыда аталған мекеме басшылығы алғыс хат табыс етті.
Іс-шараны Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Әйел-қыздар секторының Атырау облысы бойынша өкілдігі ұйымдастырды.
«Балалар – өмірдің гүлі, жалғасы. Қандай жағдай болмасын, балалар қоғамның жылулығын сезініп өсуі тиіс» дейді Әйел-қыздар секторының Атырау облысы бойынша өкілдігі жетекшісі Ардақ Сайынқызы.