Атырауда әйелдер жамағатының ұйымдастыруымен жәрмеңке өтті

Атырауда Сұлтан Бейбарыс мешітінің ұйымдастыруымен орталық мешітте жәрмеңке өтті.

Жәрмеңкені Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Әйел-қыздар секторының Атырау облысы бойынша өкілдігіне қарасты Сұлтан Бейбарыс мешітінің жамағаты ұйымдастырды.

Қайырымдылық шарасында қатысқан Атырау облысы бойынша жауапты өкілі Ардақ Сайынқызы қолдау көрсетіп, әйелдер жамағатына алғыс айтты.

Жәрмеңке барысында үй жағдайында дайындалған түрлі кондитерлік өнімдер сатылды. Іс-шарадан түскен қаражат қайырымдылық мақсатында жұмсалатын болады.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.