9 шілде – Құрбан айт мерекесінің бірінші күні.
Атырау облысы бойынша айт намазы жергілікті уақытпен 6.30-да оқылады.
Бұл туралы Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.
«Арапа күні 8 шілдеге сәйкес келеді.
Құрбан айт намазынан кейін үш күн ішінде жағдайы келген мұсылманға құрбандық шалу – міндет. Алла Тағала қасиетті Құранда: «Раббыңның разылығы үшін намаз оқы және құрбандық шал» («Кәусар» сүресі, 2-аят) деп бұйырған.
Құрбандықты жағдайы жеткен мұсылман ғана шалады.
Айт күндері мешіттерімізде мерекелік шаралар өтеді. Бұқаралық шаралар, қайырымдылық акциялары да ұйымдастырылады» деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.