Бүгін Атырауда Айт намазы оқылып, құлшылық жасалды.
Отыз күн оразадан кейін, қасиетті Айт намазы облыстың барлық мешіттерінде жергілікті уақытпен таңғы сағат 07.00-де оқылды.
Карантин жағдайына байланысты, барлық мешіттерде Айт намазы ғибадат үйлерінің ауласында оқылды.
«Қасиетті Рамазанда ұстаған ораза, жасаған сауапты амалдарымыз қабыл болғай. Қасиетті Айттан Айтқа аман-есен жете беруімізді нәсіп еткей» деді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы жиналған жұртшылықты құттықтау барысында.
Мұсылман әлемі асыға күтетін мереке құрметіне бүгін Атыраудағы облыс, қала, аудан, ауыл мешіттерінде түрлі қайырымдылық шаралары жоспарланған.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.