Алтынбек Ұтысханұлы Атырауда Айт намазының оқылатын уақытын айтты (+ВИДЕО)

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы атыраулықтарды Ораза Айттың басталуымен құттықтады.

Ораза Айт намазы ертең жергілікті уақытпен таңғы сағат 7.00-де оқылады.

«Карантин талаптарын сақтау мақсатында намаз мешіт аулаларында ара қашықтықты сақтай отырып оқылады. Мешіттерге үйден дәрет алып келу сұралады. Айттан айтқа аман жеткізіп отырған Аллаға сансыз мадақ» деді Алтынбек Ұтысханұлы.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.