Рамазан: Атырауда «Иманғали» мешітінің апта тынысы жарияланды ( + ВИДЕО)

Апта Атырау облыстық мешіттерінде ерекше оқиғалармен есте қалды.

Атырау халқы әлем мұсылмандарымен бірге, қасиетті Қадір түнін қарсы алды. Орталық «Иманғали» мешіті «Атырау» телеарнасымен бірлесіп, онлайн форматта арнайы бағдарламалар ұсынды.

Қасиетті Қадір түні құрметіне, облыс мешіттерінде 700 балаға сыйлықтар таратылды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында, ел бойынша 376 баспана, Атырауда 22-ші үй көп балалы отбасыға табыс етілді.

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы соғыс ардагерлерін Жеңіс мерекесімен құттықтады.

Рамазан құрметіне облыс мешіттерінде жаппай қайырымдылық шаралары ұйымдастырылды.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.