Алтынбек Ұтысханұлы «Атырау» телеарнасына алғыс айтты

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Қадір түнінде орталық «Иманғали» мешітімен бірлескен бағдарлама жүргізіп, облыс жұртшылығымен байланыстың үзілмеуіне себепкер болған «Атырау» телеарнасына ризашылығын жеткізді.

«Атырау» телеарнасы Қадір түнінде ғана емес, Рамазан айы бойына әр кез мешіт шараларына қолдау білдіріп келеді. Асыл дінімізді, ділімізді, дәстүрімізді дәріптеуде зор үлес қосып отырған телеарна ұжымына алғыс айтамын» деді Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.

Еске сала кетелік, қасиетті Қадір түні Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешіті «Атырау» телеарнасымен бірлесіп, екі сағаттық бағдарламаны тікелей эфирде ұсынған болатын. Эфирде онлайн уағыздар айтылып, одан әрі таңғы сағат екіге дейін құлшылықтар, сұрақ-жауап форматындағы бұқарамен байланыс орталық мешіттің әлеуметтік желілердегі парақшаларында тікелей эфирде көрсетілген еді.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.