Атырауда «Анашым» мешіті мұқтаждарға қолдау көрсетті

Атырауда Томарлы ауылында орналасқан «Анашым» мешітінде қайырымдылық шарасы өтті.

Сиыр малы құрбандыққа шалынып, құрбан малының еті 24 отбасына таратылды.

Қайырымдылық шарасы аясында әлеуметтік жағдайы мүшкіл, көп балалы отбасылар, жалғызбасты қарттар қамтылды.

Еске сала кетелік, өткен жылдың аяғында Томарлы ауылында «Анашым» мешіті ашылған болатын. Сыйымдылығы бес жүз адамға арналған мешітке Айдын Серікбаев имамдық етуде.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.