Атырауда имамдар арасында кіші аяқ доптан турнир өтті (+ ФОТО)

Атырау облысы имамдары арасында кіші аяқ доптан жолдастық кездесу өтті.

Жарыста «Ынтымақ», «Бірлік», «Достық» командалары өзара бақ сынады. «Тоныкөк» спорт кешенінде өткен доп додасына Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы да қатысты.

«Басты мақсат – имамдар арасында бірлікті насихаттау, спортқа көңіл бөліп тұру керек екендігі дінімізде айтылған. Тәні саудың – жаны сау» деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.