Атырауда имамдар Рамазан айын қорытындылады (+ ФОТО)

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының төрағалығымен биылғы жылғы Қасиетті Рамазан айын қорытындылап және ҚМДБ-ның бекіткен жеті бағыты бойынша жиын өтті.

Жиын басында қасиетті Құран  оқылып, өмірден өткен белгілі дін ғалымы Бауыржан Әлиұлының рухына дұға бағышталды.

Жиынға Атырау қалалық және ауданның бас имамдары мен жеті бағытқа жауапты өкілдер қатысты.

Облыстың Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Рамазан айында жан-жақты жұмыстар жүргізгені үшін имамдарға ерекше алғыс білдіріп, үздіктерге алғыс хаттар табыстады.

Сондай-ақ, күн тәртібінде тұрған маңызды мәселелерге тоқталды. Атап айтар болсақ, өңірдегі салынып жатқан мешіттердің жай-күйі оларға мамандар тарту мәселесі, имам-молдалардың сауатын арттыру, балаларға арналған жазғы сауат ашу курстарын ұйымдастыру, халал стандарттау мәселесі бойынша жұмыстарды жандандыру керектігі айтылды.

Жиын барысында облыс бойынша жеті бағытқа жауапты өкілдер атқарылған жұмыстар бойынша есеп беріп, кемшін тұстарын да тілге тиек етті.

Жиын соңында имамдарға нақты тапсырмалар жүктелді.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.