Атырауда «Анашым» мешітінде жазғы курс қорытындыланды

Атырауда «Анашым» мешітінде жазғы сауат ашу лагері қорытындыланды.

Қыз балаларға арналған курсты 25 шәкірт сәтті аяқтап шықты. Шәкірттерге салтанатты жағдайда сертификаттар табыс етілді.

Жазғы сауат ашу курсында шәкірттер «Құран әліпбиі», «Имандылық әліппесі» және «Әдеп» негіздері сабақтары бойынша білім алды.

 Еске сала кетелік, облыстың барлық мешіттерінде ұйымдастырылған «Имани жаз» жазғы сауат ашу курстарының мақсаты – мектеп жасындағы балаларға имандылық, отансүйгіштік бағытта тәлім-тәрбие беру, жат ағымдардан сақтандырудың алғышартын қалыптастыру. Шәкірттерге діннің негіздері нақты сипатта, ұғынықты тілде түсіндіріліп, ғибратты әңгімелер, ата-бабаларымыздан қалған даналық сөздер, ғалымдарымыздың еңбектері де назарға алынып отыр.