Атырауда 48 отбасына киім-кешек таратылды

Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітіне қарасты Қайырымдылық мекемесінде кезекті ізгілік шарасы өтті.

Қайырымдылық шарасы әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы отбасыларды қамтыды. Шамамен 48 отбасы қамтылған ізгілік шарасында келушілерге үлкендер мен балаларға арналған киім-кешектер берілді.

Еске сала кетсек, Атырауда бірнеше жылдан бері Қайырымдылық орталығы жұмыс істеп келеді .