Атырауда Құран жарысының іріктеу кезеңі қорытындыланды (+ФОТО)

Құранды мәнерлеп және жатқа оқудан үздік шыққан жеңімпаздар 30 мың, 50 мың, 75 мың және 100 мың теңге көлеміндегі қаржыла сыйлықпен марапатталды.

Барлығы 32 үміткер қатысқан Құран жарысына Астана қаласынан арнайы келген Сәдуақас қари Сағындықұлы мен Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы қазылық етті. Тартысты бәсеке қорытындысы төмендегідей болды.

Мәнерлеп оқу номинациясы:

3-орын Айбек Аманғалиұлв
2-орын Берік Тілепбергенов
1-орын Саламат Насхатұлы

Құранды жатқа оқу номинациясы:

10-пара
3-орын Жанарыс Тимурұлы
2-орын Ахмат Амангелдіұлы
1-орын Айқын Ақылбек ұлы

Осылайша, ХІІ республикалық Құран жарысында 20-парадан Нұрислам Ахметжанұлы, 30-парадан Еркебұлан Сержанұлы Атырау облысының намысын қорғайды.