Атырау мешіттерінде ақсақалдар және «Әжелер академиясы» құрбан шалды

Жайық өзенінің тартылып, экологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты, орталық «Иманғали» мешітінде және аудан мешіттерінде бір мезгілде ақсақалдар құрбан шалды.

Алладан медет тілеп, өңірдегі экологиялық ахуалдың жақсаруы үшін дұға жасады.

«Жайық деген жанды су» деп, кезіндегі ағаларымыз тегін айтпаған. Жайық – тіршіліктің көзі, нәрі. Біздер табиғаттағы тепе-теңдіктің сақталуына мүдделі болуымыз керек. Еліміз аман болсын» деді ақсақалдар.

Құрбан шалу рәсіміне қатысқан Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы арнайы дұға жасады.

Еске сала кетелік, Жайық өзенінің тартылуы – Үкімет деңгейінде бақылауда тұрған мәселе. Бірнеше жылдардан бері Атырауда Жайық өзенінің түбін тереңдету жұмыстары жүргізіліп келеді.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.