Атырауда «Әт-Тақуа» мешітінде жазғы сауат ашу курсы қорытындыланды

Атырау қаласындағы Әт-Тақуа мешітінде ұйымдастырылған «Имани жаз» сауат ашу лагерінде 23 шәкірт білім алды.

Балғын шәкірттерге екі айға жуық уақыт бойына ұстаздар Қанағат Қалыбайұлы мен Дарина Бисенбайқызы дәріс берді.

«Сауат ашу курсы кезінде балаларға «Құран әліппесі», «Әдеп негіздері» сынды сабақтар бойынша дәріс берілді. Балалардың ерекше ынтасы қуантты. Сабақ жаңаша форматта ұйымдастырылды. Балаларды сергіту мақсатында ойын түрінде де дәріс берілді» дейді ұстаздар.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысы бойынша барлық мешіттерде жазғы сауат ашу курсынан 1074 баланың білім алғанын хабарлаған болатынбыз.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.