Атырауда әжелер бас қосты

Атырауда «Мәулімберген» мешітінде ақ жаулықты әжелер қауымы бас қосты.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Әйел-қыздар секторының Атырау облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен өткен жиында отбасы құндылықтары тақырыбында насихаттар айтылып, мағыналы рухани кеш болды.

Ислам дінінде отбасы бірлігіне айырықша маңыз берген. Отбасы– исламда баға жетпес құндылықтар ретінде әспеттеледі. Қоғам отбасыдан басталатындығын ардақты пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жете түсініп, тұтас қоғамды таза ұстаудың бірден-бір кепілі – отбасы тәрбиесі мен жанұя құндылықтарында екендігіне маңыз берген.

Ардақты пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Ер кісі отбасының бақташысы, сондықтан ол қол астындағыларға жауапты» деген. Сол сияқты аналарымызға да үлкен жауапкершілік жүктелген» деп атап өтті Әйел-қыздар секторының Атырау облысы бойынша өкілі Ардақ Сайынқызы.