Атырауда «Мәулімберген» мешітінде сенбілік өтті

Атырауда Тасқала ауылындағы «Мәулімберген» мешітінің ерлер және әйелдер жамағаты мешіт маңына тазалық жұмыстарын жүргізіп, сенбілік ұйымдастырды.

Мешіт ауласын тазартып, шарбақтарды сырлап, ағаштарды суғарды. Сауабы мол іске ұйымшылдықпен атсалысқан жамағат сенбіліктердің үзіліссіз болып тұратынын айтты.

«Ислам діні – тазалыққа негізделген дін. Өйткені, мұсылманның құлшылығы өзін таза ұстаудан басталады. Адамзаттың арманы болған Жәннаттың кілті намаз болса, намаздың кілті – тазалық. Ал Алланың үйін тазалау, тіпті шаңын болса да сүртудің артында мол сауапқа кенелу нығметі жатыр» дейді жамағат.