«Munara TV» телеарнасы республикалық бейнероликтер байқауын жариялады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Munara TV» телеарнасы «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында республикалық бейнероликтер байқауын жариялады.

Байқаудың мақсаты – қоғамды ізгілендіру, ұлттық тәрбие мен салт-санамызды көрсететін бейнероликтер түсіру. Дайын жұмыстарды қабылдау уақыты 2023 жылдың 1 қыркүйегінен басталып қазан айының 10-на дейін жалғасады.

Байқауға қатысу талаптары төмендегідей:   

Қазақ халқының сан ғасырлық тарихындағы тәрбие мен тағылымын көрсету;

Ислам құндылықтарын, асыл дініміз бен ата салтымызды халыққа насихаттау;

ҚМДБ-ның «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясындағы жұмыстарға басымдық беру;

Қоғамды ізгілендіру, ата өсиеті мен әжелер мектебін жаңғырту жайында роликтер түсіру;
 

Байқау шарттары:  

Байқауға қатысушылар жоғарыдағы тақырыптар аясынан өздері қалаған тақырып бойынша ізгілікті насихаттайтын бір немесе екі бейне ролик ұсына алады;

Байқаудың талаптары:  

Еңбектер «Ізгі қоғам» жылына деген белгімен қабылданады;

Байқауға қатысушылар ішіне өздері жайлы мәлімет (аты-жөні, телефон нөмірі, мекен-жайы) қосып, жұмыстарын munara.tv@mail.ru электронды поштасына жолдауы қажет.

Байқауға қатысушылардың жасына шектеу қойылмайды, жұмыстар екі тілде де қабылданады.

Байқауға бұрын еш жерде жарияланбаған роликтер қабылданады;

Жұмыстар 1920х1080;

16/9 формат;

-6 дб дыбыс;

25 кадр форматы түрінде 5-7 минут аралығында болуы тиіс.

Бейнероликтерді қабылдау 2023 жылдың 1 қыркүйегінде басталып 2023 жылдың 15 қазанында аяқталады. 

Байқау барысы:  

Байқау жеңімпаздарын елге белгілі тележурналстер, «Munara TV» жанындағы Көркемдік кеңес мүшелерінен құралған қазылар алқасы анықтайды.

Жеңімпаздар 25 қазан – Республика күніне орай (нақты уақыты қосымша хабарланады) марапатталады.

Жеңімпаз авторлардың еңбектері республикалық «Munara TV» телеарнасынан көрсетіледі.

Жүлде қоры:  

Бірінші орын – 300 000 (үш жүз мың) теңге

Екінші орын – 200 мың (екі жүз мың) теңге

Үшінші орын – 150 мың (жүз елу мың) теңге

Бұдан бөлек 2 адамға ынталандыру сыйлығы (50 мың теңгеден) беріледі.

Ұйымдастырушы: Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Munara TV»  телеарнасы  

Ақпараттық қолдаушы: «Munara TV» телеарнасы мен muftyat.kz сайты.