Атырауда Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының жамағаттарын басын қосқан рухани шара өтуде.
Іс шара мүфтият жариялаған «Ислам – ынтымақ пен бірлік діні жылы» аясында ұйымдастырылуда.
Іс шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Хасан Ташайұлы, Маңғыстау облысының бас имамы Ануар Елжанов, Батыс Қазақстан облысының бас имамы Бақытжан Сабралиев арнайы келді.
Шара барысында өмірден өткен дін ұстаздары Әбсаттар қажы Дербісәліұлының, ұстаздан Бауыржан Әлиұлының, Әбдіғапар Смановтың және саналы ғұмырын дінге жанашырлықпен өткізіп, марқұм болған жамағаттардың рухына Құран бағышталды.
Рухани шарада ұстаздар ел бірлігі, ынтымақ тақырыптарында уағыз айтты. Кейін жамағат арасында діни сұрақтар тақырыбында викториналық сауалдар ойыны өтті.
Іс шара садақ ату, қой көтеру, күш сынасу, арқан тартыс сынды ұлттық ойындармен жалғасты.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.