Атырауда мешіт имамдары өмірден өткен белгілі дін ғалымы, Бауыржан Әлиұлының рухына арнап Құран бағыштады.
Іс-шараға Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы арнайы қатысып, Бауыржан Әлиұлының өмір-дерегі, жасаған игі істері, еңбектері туралы ойымен бөлісті.
Бауыржан Әлиұлы өмірінің соңғы күндеріне дейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ғұламалар кеңесінің мүшесі болды. Еңбек жолын Орал медресесінде ұстаздықтан бастаған.
Әр кезеңде Батыс Қазақстан облысының бас имамы, Имамдардың білімін жетілдіру институтында ұстаз, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетіне қарасты Әбу Ханифа ғылыми орталығында кіші ғылыми қызметкер, ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы қызметтерін атқарған.