Атырауда қажылық маусымы мәселесі талқыланды

Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының төрағалығымен қажылық маусымына байланысты жиын өтті.

Жиын барысында қажылықта орындалатын рәсімдер, қажылардың денсаулығы, қасиетті жердегі ережелер тыйымдарды жан-жақты насихаттап, қажылық курстарын өткізуді тапсырды.

Бұған дейін елімізде арнайы комиссияның қорытындысы бойынша қажылыққа 3000 квота бөлінгендігі хабарланған болатын.

Конкурс талаптарына сәйкес келген 14 туроператордың қатарында «Tawaf Travel» компаниясы бар.

Қазіргі таңда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанында діни ақпарат орталығы жұмыс істеуде.

Кез-келген сұрақтар бойынша орталықтан қазақ және орыс тілдерінде +7 7172 33 30 30 телефоны арқылы жауап алуға болады. Call-орталық тәулік бойы жұмыс істейді.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.