Махамбет ауданында жаңа мешіт ашылды

Қасиетті Рамазан қарсаңында Махамбет ауданы,Талдыкөл ауылында жаңа мешіт пайдалануға берілді.

300 орындық мешіт заман талабына сай көмкеріліп, жасақталған.

Мешіттің ашылу салтанатына арнайы қатысқан Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы жұртшылықты құлшылық үйінің ашылуымен құттықтады.

«Рамазан қарсаңында Атырау халқы қуанышты жаңалықпен қауышып отыр. Мешіттеріміз – тәрбие ошағы, ізгілік бастауы болып қала береді. Біз жүрегінде иманы бар, отаншыл ұрпақтың қалыптасуы үшін еңбек ететін боламыз» деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.

Жаңа мешітке Қайрат Хайруллин имам болып тағайындалды.

Заманауи мешіт – Құран оқу залы, намаз залы, білім алу залымен қамтылған. Мешіт жанынан имам үйі салынып отыр.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.