Атырауда «Берекелі жамағат» атты рухани шара өтті (+ ВИДЕО)

Атырауда «Берекелі жамағат» атты рухани шара өтіп, оған қала, аудан имамдары, облыс орталығындағы бірнеше мешіттің жамағаты қатысты.

Рухани кеште Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы жат ағымнан бірлік арқылы сақтануға шақырды.

«Халқымызда «бірлік бар жерде, тірлік бар» деген сөз текке айтылмаған. Талай қилы дәуірлерден халқымыз ынтымақтың арқасында өткен. Егер жамағат болып берекемізді арттырсақ, бір-бірімізге саналы түрде қолдау көрсетіп, бауыр санайтын болсақ, бірлігі мықты елді жау алмайды» деді Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.