Атырауда Сұлтан Бейбарыс мешітінде жазғы сауат ашу лагері қорытындыланды

«Имани жаз» жазғы сауат ашу лагерін 20 шәкірт бітіріп шықты.

Шәкірттерге салтанатты жағдайда сертификаттар табыс етілді. Сертификат тапсыру рәсіміне Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы арнайы қатысып, діни білімін арттыруға ниет қойған шәкірттерге алғыс айтты.

Сондай ақ, мешітте 250 жамағатқа дастархан жайылды. Рухани кеш барысында облыстың Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы адамгершілік, бірлікті нығайтудың маңызы тақырыптарында насихат айтып, жамағат тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.