Атырау облысының әкімі Серік Шапкенов бір топ дін қызметкерін құттықтады.
«Рухани келісім күні» датасына орай, жолданған құттықтау хаттарын дін қызметкерлеріне Атырау облысы дін істері басқармасының басшысы Хайролла Көшқалиев табыс етті.
Құрметті марапат алғандардың қатарында Атырау облысы орталық «Иманғали» мешітінің наиб имамы Арман Исаев, Атырау қалалық Құспан молла мешітінің бас имамы Эммат Ғұмаров, ұстаз Айтжан Әбдіров және өзге де көптеген дін мамандары бар.
«Рухани келісім – ең үлкен құндылық. Қоғамның бірлігі мен тірлігі, ынтымағын арттыру үшін еңбек етіп жүрген Сіздерге зор алғысымды білдіремін» делінген алғыс хатта.
Еске сала кетелік, бірнеше жылдан бері елімізде «Рухани келісім күні» аталып өтіп келеді. 17 конфессия мен 130-дан астам ұлт өкілдерінің басын біріктіру, тұрақтылық пен тыныштықты нығайту мақсатында аталып өтетін бұл дата – көп ұлтты елімізді біріктіретін күшке айналды.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.