Мақат ауданына қарасты Доссор мешітінде Мәуліт айының құрметіне орай қайырымдылық шарасы өтті.
Ізгілік шарасы аясында көп балалы 10 отбасына азық-түлік таратылды.
Шараның мақсаты – Мәуліт айының береке-бірлік, ізгіліктің мерекесі екендігін сезіндіру. Және жұртшылықты шарапаты мол айда көбірек ізгі істер шақыруға үндеу.
Бірінші қажеттіліктегі азық-түлік қоржындары демеушілер көмегімен табыс етілді.
![](https://amin.kz/wp-content/uploads/2022/10/5384601525948630206_121.jpg)
![](https://amin.kz/wp-content/uploads/2022/10/5384601525948630204_121-768x1024.jpg)
![](https://amin.kz/wp-content/uploads/2022/10/5384601525948630207_121-1024x1024.jpg)
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.