Атырауда бір топ имам үздік жұмысы үшін марапатталды

Атырауда имамдар жылды қорытындылады. Жыл қорытындысымен Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы бір топ дін қызметкерін нәтижелі еңбегі үшін марапаттады.

«Дін мен дәстүр бағыты» бойынша үздік Мақат ауданының бас имамы Біләл Сүннетқожаұлы,
«Ізгі қоғам» бағыты Атырау қаласының бас имамы Эммат Сұлтанғалиұлы,
«Ихсан және насихат» бағыты бойынша Құрманғазы ауданының бас имамы Еламан Жасөмірұлы,
«Діни оқу-ағарту» бағыты бойынша Жылыой ауданының бас имамы Жасұлан Қуанышұлы,
«Жат діни ағымнан сақтандыру» бағыты бойынша Қызылқоға ауданының бас имамы Мұрат Алдоңғарұлы марапатталды.