Атырауда имамдар арасында волейболдан жолдастық кездесу өтті

Атырау имамдары арасында волейболдан шағын турнир өтіп, жеңімпаздар марапатталды.

Атырау облысының имамдары волейболдан өзара бақ сынады. Қала, аудан имамдары арасында өткен кездесудің мақсаты – салауатты өмір салтын, физикалық белсенділікті дәріптеу. Сонымен бірге, имамдар арасындағы өзара ынтымақты нығайту.

Еске сала кетсек, кеше облыс имамдары жылды қорытындылап, сала үздіктері марапатталған болатын.