Атырау облысы мешіттерінің ықпал етуімен бір жыл ішінде 52 адам радикалды көзқарастарынан бас тартып, дәстүрлі мәзһабқа оралды.
«Қазіргі уақытта 96 адам дәстүрлі мәзһабқа бейімделуде. Оңалту шаралары кешенді түрде атқарылып келеді. Жат ағымда жүрген азаматтармен жұмыс жеке кездесу, уағыз-насихат бағытында, кейде қайырымдылық шаралары түрінде жүзеге асырылуда» деді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.