Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы бірнеше кәсіпорынға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы «Халал даму» мекемесінің халал стандарт сертификатын табыс етті.
Атырау қаласы, Ғизат Әліпов көшесі, 4 мекен-жайында орналасқан «Кулбасова» жеке қожалығының «Сыбаға» сауда белгісімен қызмет көрсетіп отырған едүкенінің басшысы Назира Биғалиқызына жаңартылған ҚМДБ Халал сертификаты табыс етілді.
Осындай жаңартылған ҚМДБ халал стандарт сертификаты
Атырау қаласы, Придорожная көшесі 280 мекен-жайында орналасқан «Ақжол» ет дүкенінің басшысы Ануар Айдынғалиға табысталды.
Сондай ақ, Атырау қаласы, Б. Құлманов көшесі – 117 мекен-жайында орналасқан «Масалимова» жеке қожалығының, «SARQYT» сауда белгісімен қызмет көрсетіп отырған мейрамхана директоры Азамат Аймұратұлына ҚМДБ Халал сертификаты табысталды.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.