Қасиетті Рамазан айы басталғалы бері, Атырау селолық мешітінде 400 адамға ауызашар беріліп отыр.
«Рамазан – шапағат айы. Қасиетті ай құрметіне ораза тұтқан азаматтарға қамқорлық көрсетуге тырысудамыз. Әр күннің ауызашар шарасында да адам жанын рухани байытуға бағытталған тақырыптағы уағыздар айтылуда. Біздің мақсатымыз – адамды өзін тәрбиелеу арқылы, жақсы қасиеттерін дамытуға үндеу» дейді Атырау селолық мешітінің имамы Санат Өскенбаев.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.