Атырауда Дамбы селосындағы мешіт мұқтаж отбасы баспанасының шатырын жөндеп берді

Атырау селолық мешіті жалғызбасты анаға көмек көрсетті.

Үйінің төбесінен су кетіп тұрған жалғыз басты ана Ырысбике Нұрбаеваның баспанасының шатырына жөндеу жасалды. Жөндеу жұмыстарын Атырау селолық мешітінің наиб имамы Асылбек Тлепбергенұлы бастаған жамағат атсалысты.

«Дамбы ауылының тұрғыны Ырысбике Нұрбаева төрт баланың анасы. Жалғыз басты ананың әлеуметтік жағдайы төмен. Көмекке мұқтаж. Біздің мақсатымыз – ауылымыздың осындай мұқтаж адамдарына көмек көрсету» дейді Атырау селолық мешітінің наиб имамы Асылбек Тлепбергенұлы.

Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.