Республика күні – ұлттық мерекесіне орай, Атырауда мешіт имамдары «Қарттар үйіне» барды.
Халық арасында «Қарттар үйі» аталып кеткен Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру жəне əлеуметтік бағдарламалар басқармасының №4 арнаулы əлеуметтік қызметтер көрсету орталығын қазіргі уақытта 109 адам мекен етуде.
Қарияларды Республика күнімен құттықтаған имамдар, қарттармен әңгімелесіп, тәтті торттарды сыйға тартты.